Соңғы жаңалықтар

«МҰҢАЙТПАС МҰҚАН» – ОРДАБАСЫ САХНАСЫНДА

Қазақтың тұңғыш балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына – 150 жыл. Қажымұқан атамыз – бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, көзі тірісінде аңызға айналған азамат. Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Түлкібас аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фархат Байтуғанов бастаған өнерпаздар Ордабасы ауданына келіп, «Мұңайтпас Мұқан» сахналық новелланың премьерасын (авторы С.Алтаев, режиссер Е.Тленов) карантин талаптарын сақтай отырып, көрермен назарына ұсынды. Жастайынан ерекше күш иесі ретінде танылған Қажымұқанның өмірінен қойылым өзіне қазақтың бар болмысын сыйғызды. Жылқышы мен байдың текетіресінен басталған оқиға аламан той мен айтысқа ұласты. Той – жиыны күрессіз, бәйгесіз тарқамаған, қазаны оттан түспеген, сабасы қымыздан босамаған кең жүрек халықтың тұрмысын осы бір туындыға сыйғызып, көрермен жүрегіне жеткізе білген өнерпаздар көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Айта кету керек, Қажымұқан Мұңайтпасұлы әлемнің 54 мемлекетінде бақ сынасып, 48 медаль олжалаған. Боз кілемде атой салған оның еш жерде белі бүгіліп, мысы басылмаған

Қатысты жаңалықтар

МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАНЫҢ РӨЛІ: ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ТӘЖІРИБЕ

bastynews

Шымкентте тоқ соғып, күйік шалған қыздың оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды

Bastynews

Мейрамханада ұсталған министр қызметінен кетті

Bastynews