Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Тайжан: «Қазақ қайтадан 69% болып қалды дегендері өтірік»

Бұл билік Қазақстандағы қазақтың санымен ойнап жүр, – дейді желіде Мұхтар Тайжан.

Соңғы статистикалық деректер жарияланып, онда ұлты қазақтардың үлесін қайтадан 69% етіп көрсетіп қойыпты.

2009 жылғы санақта қазақтың үлесі 69% болған еді, сосын қателесіп қалыппыз деп алдымен 65%-ға дейін, кейін тіпті 63%-ға дейін төмендетіп қойған еді. Енді міне, қазақтың үлесін 69%-ға қайта жеткізіп қойыпты. Марқұм Мақаш Тәтімовтың дерегі мен болжамына сәйкес, 2009-шы жылы қазақтар расымен де 69% болған, ал 2020 жылы 80% болуы тиіс еді. Қазір елдегі қазақтың үлесі 80 пайыз екені былай-ақ көзге көрініп тұр ғой. Айтпағым, мен бұл демографиялық деректерге сенбеймін, қазақ қайтадан 69% болып қалды дегендері өтірік, деп жазады ол.

Қатысты жаңалықтар

«Gucci» ерлерге арналған көйлек шығарды

Bastynews

Таразда аялдамада болған оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Bastynews

«Музей ғасырлар куәсі» атты мерекелік шара өткізілді

Bastynews