Жылда дәстүрлі түрде өтетін сайыс бұл жолы да 9 спорт түрінін өткізіледі. Өткен жылы пандемия салдарынан кейінге шегерілген доданы биыл жоғары деңгейде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Білім және ғылым министрінің бұйрығы негізінде бастау алып отырған спартакиада биыл ХVII рет өткізілмекші.
Спартакиада құрамында 2017 жылдан бері ұлттық рейтингке ұпайы есепке алынатын Теннис сайысы биыл да тізімде бар. Осыдан тура 4 жыл бұрын Ұлттық теннис Федерациясымен бірлесіп, жарысты жаңа деңгейге көтергені баршаңызға аян. сол кезеңдегі жарыс жеңімпазы, 2 млн теңгені қанжығалаған Қадыр Бақдаулет барлық қатысушыларға сәттілік тілейді.
Қадыр Бақдаулет, 2017 жылғы спартакиаданың теннис жарысы бойынша чемпионы:
«Теннис әлемінде әр сайыс – маңызға ие. Мен үшін маңызды қадамдардың бірі болған Студенттік спартакиада көп мүмкіндіктерге жол ашты. Биыл өтетін жарыста барлық жас өнерпаздарға сәттілік тілеймін. Шын мықты жеңсін!»
2000-ға жуық спортшы қатысқан 2017 жылғы жарыстан кейін биылғы дода қалай өтер екен?
Спартакиада құрамында теннистен бөлек, волейбол, баскетбол, гір көтеру, шахмат сынды спорттық сайыстар барын да естеріңізге саламыз.
Жарыстың 2021 жылдың ақпан-мамыр айларында университет ішілік іріктеме кезеңдер өтсе, қыркүйек-желтоқсан аралығында республикалық кезеңі басталады.
Сонымен қатар, спартакиада Астана, Тараз, Алматы және Өскемен қалаларында өткізіледі.
Ұлттық статусқа ие спартакиаданың кейбір спорттық түрлерінің жеңімпаздары Дүниежүзілік универсиада құрамасының қатарына енуге мүмкіндік алады.
Қазақстанның үздік оқу орындарының спортшыларын жинайтын жарыстың биыл да жоғары деңгейде өтеріне сенімдіміз.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!