Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда электр энергиясы айтарлықтай қымбаттады

Azat-media.kz. 2020 жылдың желтоқсанында электр энергиясы былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6,5 пайызға қымбаттады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл сайынғы өсім Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына көбірек сезілді. Ал Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тарифтер өзгермеді.

2020 жылы елде сағатына 107,9 миллиард киловатт электр энергиясы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,9 пайызға көп. Ал электр қуатын тұтыну екі пайызға артты, бұл – сағатына 107,1 миллиард киловатт.

Электр энергиясы Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында көбірек шығарылса, тұтыну көлемі бойынша Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстары алда.

Қатысты жаңалықтар

Жыл басынан бері 24,5 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалған

Bastynews

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ АРДАГЕР-ҰСТАЗҒА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Bastynews

Бейбітшілік және келісім шеруі – Түркістанда

Bastynews