Словакиялық шеберлер жасаған жалпақ AirCar аэродинамикалық тіреуі аса дамыған суперкар сияқты көрінеді. Автокөлікті ұшаққа айналдыру үшін тиісті батырманы басса болды, қалғанын автоматика жасайды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Көліктің бүктелген қанаттары жазылып, артқы бөлігі мен рөлі ұзарады. Бұл процесс үш минут уақыт алады.
Көлік 140 ат күшіне ие 1.8 литрлік BMW арқылы қозғалады. Екі адам сыятын модельдің салмағы 1100 кг. AirCar мың шақырымға ұша алады, 200 км жылдамдықпен қалықтаса, сағатына 18 литр отын жұмсайды.

Аэромобиль өткен аптада Словакиядағы Пьештян әуежайында екі рет ұшып, төңіректі еш кедергісіз айналып шықты. Өнім авторы Стефан Кляйн көлікті басқару қиын емес екенін және жүргізушіні ұшқышқа қайта квалификациялау процесі көп уақыт қажет етпейтінін айтты. Қанатты көліктің сатылатын нұсқасы бір-екі жылда жарық көреді деп жоспарланып отыр, оған анағұрлым қуатты мотор орнатылады. Ал бағасына қатысты мәлімет жоқ.
- Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі Әсел Жанасованы таныстырды
Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі Әсел Жанасованы таныстырды - Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки
Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки - Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда - Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды
Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды
