Санатталмаған

МАҚТААРАЛ: ЖАҢАДАН 500 ҮЙ БОЙ КӨТЕРЕДІ

AzatMedia.kz. Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдай Министрінің бірінші орынбасары Абдулла Құлдашев және Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Мақтааралдағы су тасқынының салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді.

Брифингке қатысқан Өзбекстан Республикасының ТЖМ бірінші орынбасары Абдулла Құлдашев техногендік апат аймағында жергілікті әкімшілік пен ТЖД қызметкерлері жүйелі жұмыс атқарып жатқанын атап өтті, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

«Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша Мақтаарал ауданына келдік. Су басқан аймаққа 300-ден астам қызметкер, 186 техникамыз жұмылдырылған. Оның ішінде құтқаруға арналған, инженерлік, су тасу, жүк көліктері бар. Жергілікті әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынаста тәулік бойы осымен 3 күн жұмыс істеудеміз. Қазіргі міндетіміз – коллекторларды тазарту, су тасыған жерлерді қалпына келтіру. 50-ден астам су тарту насосы күндіз-түні жұмыс істеп тұрғандықтан, кеше 34 мың куб су сыртқа шығарылды. Нәтижесінде Фирдоуси ауылында су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Біз аймақтағы төтенше жағдай аяқталғанша осында боламыз», – деді Абдулла Хамидоллаұлы.

Сондай-ақ, брифинг барысында Мемлекеттік комиссия шешімімен жүзеге асып жатқан жұмыстарды атап өткен облыс әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдары толықтай көшірілетінін, ол үшін Мырзакент ауылынан 500 тұрғын үй салуға 50 гектар жер белгіленгенін атап өтті.
«Ресей кәсіпкері Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының эвакуацияланған 30420 тұрғыны үшін «Түркістан» Әлеуметтік Даму Корпоративтік қорына 5 млн. 202 мың АҚШ долларын аударды. Бұл қаражат эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шоттарына түсетін болады. Сондай-ақ, қорға отандық кәсіпкерлер мен азаматтардан 160 млн. теңгеге жуық қаржы түсті. Жиналған қаржы зардап шеккен отбасыларға бағытталады. Гуманитарлық көмек ретінде штаб қоймасына 270 тонна азық-түлік түсті, оның бүгінде 90 тоннасы елге таратылды», деді С. Қалқаманов.

Түркістан облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов брифингте апат аймағына еліміздің Қорғаныс саласынан 1000-нан астам маманның жұмылдырылғанын жеткізді.
«Қазіргі таңда судың деңгейі төмендеуде. Өргебас, Нұрлы жол, Фирдоуси, Жеңіс елдімекендерінде су сору жұмыстары жалғасуда. Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, ТЖД мен Полиция Департаментінен 1365 адам жұмыс атқаруда. Мәселен, 75 мотопомпа су сору жұмыстарында, 44 қайық су басқан елдімекендерде тұрғындардың үйлерінен заттарын тасу жұмыстарына жұмылдырылған», – деді ол.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

bastynews

Шымкентте «Айбын–2026» әскери-патриоттық сайысы өз мәресіне жетті

bastynews

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО ПАТРИОТИЧЕСКОЕ МЕРОПРИЯТИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ ДНЮ ЗАЩИТНИКА ОТЕЧЕСТВА

bastynews

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

bastynews

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

bastynews

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН АЗАМАТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

bastynews

МАҚТААРАЛДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

bastynews

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

bastynews

КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША КӘСІБИ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ӨТКЕН ТҮНГІ МАРАФОНҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АТЛЕТ ҚАТЫСТЫ

bastynews

Пікір қалдыру