Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

“СК-Фармация”-ның жаңа басшысы 1 млн 300 мың теңге жалақы алады

Ск Фармация 2020

“СҚ-Фармация” басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатынын айтты. Бұл туралы ол «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Төрағаға айына 1 миллион 300 мың теңге, оның орынбасарына 900 мың теңге, басқарушыларына 450-ден 650 мың теңгеге дейін еңбекақы төленеді. Есқалиевтің үш басқарушысы мен бір орынбасары бар. Спикер сонымен бірге коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы баяндап, қоймада екі айға жететін дәрі-дәрмектің бар екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін “СҚ-Фармация”-ның баспасөз қызметі компания қызметкерлерінің жалақысын жария еткен болатын. Қазіргі уақытта менеджер – 200 000 теңге, бас менеджер – 350 000 теңге, әкімшілік-басқару персоналы – 450 000 теңге көлемінде жалақы алады.

Қатысты жаңалықтар

Карантин талаптары қай деңгейде бақыланып отыр?

Bastynews

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

bastynews

Амбулатория салуға жер бөлінді

Bastynews

Пікір қалдыру