Соңғы жаңалықтар

«ТӨЛЕМ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЛЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ ҚАРАШАДА ЕНГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласында «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі қараша айында енгізіледі, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AzatMedia ақпараттық агенттігі. 

Қаладағы қоғамдық көлік саласын жаңғырту басты назарда. Автобустар паркін жаңарту, электронды билет жүйесін енгізу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Уақыт сәтімен, кезең кезеңімен аталған мәселелер шешімін табуда.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынды. Қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесін енгізу жобасы «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады.

Қазіргі күні құрылғылар тиісті кедендік процедураларын өтіп, ҚР ҰҚК-нен информатикалық қауіпсіздік сертификатын алуда.

Құрылғыларды Шымкент қаласына алып келу, содан соң екі аптаның ішіне құрылғыларды монтаждау және бағдарламаны тексеру, әрі қарай бағдарламаны тесттік режимде тексеріп, бірінші қарашада пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қатысты жаңалықтар

“СК-Фармация”-ның жаңа басшысы 1 млн 300 мың теңге жалақы алады

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ МАМАНДАР КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА КЕҢЕС БЕРДІ

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ 600 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖЕРГЕ КӘРІЗ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛУДА

Bastynews

Пікір қалдыру