Соңғы жаңалықтар

Туған әкесіне тұрмысқа шыққан қыз жұрттың жағасын ұстатты

Сүйіктісін өлтіріп, әкесіне үйленген қыз 40 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы  Nur.kz  порталына сілтеме жасап.

Оқиға Американың Батыс Вирджиния штатында болған. Айыптаушы тараптың айтуынша, Аманда Макклюр және оның әкесі Үлкен Ларри Макклюр 2019 жылдың ақпанында Аманданың сүйіктісі МакГуайрге күштеп метамфетамин енгізіп, содан кейін оны буындырып, басынан ұрған. Оның денесі 2019 жылдың қыркүйегінде Батыс Вирджиния штатындағы Скайгасти аймағынан табылыпты.

Болжам бойынша, айыпталушылар ер адамды өлтірген соң, төсек қатынасына түсіп, төрт аптадан кейін үйленіпті. Қараша айында Үлкен Ларри хат жазып, онда МакГуайрді өлтіруге қатысқанын мойындаған. 2020 жылдың тамызында ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал қазан айының басында Аманда 40 жылға темір торға тоғытылды.

Қатысты жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗДЫҢ БІРІ

Bastynews

38 миллион теңгеге 5 дәретхана орнатқан

Bastynews

ШАЛҒАЙ АУДАНДАРДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Bastynews

Пікір қалдыру