Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Қазығұрт ауданында көгілдір отын мәселесі шешіліп келеді

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылдық округіне қарасты 3 ауылда газ құбырлары жөнделіп жатыр, деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар. Олар – Қақпақ, Заңғар және Сырлысай. Бүгінде аталған ауылдардағы газ құбырларының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2020-2021 жылдарға жоспарланған. Мердігер мекеме – «Комби Строй-1» ЖШС.

Жоба құны – 1 миллиард 117 миллион теңге. 2020 жылға жоспарланған 300 миллион теңге облыстық бюджеттен бөлінген. Тапсырыс беруші – аудандық ТҮКШЖК және АЖ бөлімі.

Ағымдағы жылы Заңғар елді мекеніндегі 5 көшенің газ құбырлары жөнделді. Ал 2 көшенің газ құбырларын жөндеу келесі жылға қалып отыр. Себебі, газ құбырының құрылысы Қақпақ елді мекеніне 2021 жылы жүргізілуі керек болатын. Қақпақ елді мекеніндегі Абай көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, газ құбыры құрылысы толық аяқталған.

Сонымен қатар, Сырлысай елді мекеніне дейін жоғары қысымды газ құбыры құрылысы жүргізілді. Қақпақ және Сырлысай елді мекендерінің ішкі көшелеріне газ құбыры құрылысын жүргізу 2021 жылы толық аяқталады.

Қатысты жаңалықтар

Оралда әскери сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Bastynews

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

bastynews

«Өтірік ақталмаңдар!» – Алтынай Жорабаеваның жазбасы қызу талқылануда

Bastynews

Пікір қалдыру