Ақпарат

Қазығұрт тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылады

Су

Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық округінде 4500 халық өмір сүреді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.


Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық округінде 4500 халық өмір сүреді. Жалпы, аталған ауыл округінің құрамында Диқан, Айнатас, Жігерген, Тестөбе, Қызыл бұлақ және Өгем елді мекендері болса, оның ішіндегі бірнеше елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмей келген.

Осы орайда 800-ден астам халқы бар Диқан елді мекенінің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан 141 миллион теңге бөлініп, ауыз су жүйелері тартылған.

«Ақжол» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген ауыз су жүйесі 2020 жылғы қазан айында қосылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 1200-ге жуық халқы бар Жігерген елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 160 миллион теңге қаралып, «СодбезСтрой» ЖШС тиісті жұмыстарды атқарған. Қазіргі уақытта суды тұрғын үйге кіргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Алдағы уақытта Айнатас елді мекеніне ауыз жүйесін жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, сараптама жұмыстары жүргізілген. Қаржы бөлу күтілуде.

Қатысты жаңалықтар

ТРАНСФОРМАЦИЯ СИСТЕМЫ ТВОРЧЕСКО-ТЕХНИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ В ШЫМКЕНТЕ: КАДРЫ НОВОГО ПОКОЛЕНИЯ ДЛЯ ЦИФРОВОЙ ЭКОНОМИКИ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

bastynews

Jas drive -жастар қоғамның қозғаушы күші!

bastynews

Пікір қалдыру