Басты жаңалықтар

42500 теңге. Әлеуметтік төлемнің мөлшері көбейтілуі мүмкін

42500 теңге

Карантин кезеңінде жұмыссыз жатқандар үшін жұмысынан айрылылған кезеңіне төленетін төлемнің мөлшерін көбейту туралы ұсыныстар қарастырылып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Карантин қайта енгізілсе, әлеуметтік төлемнің мөлшері көбейтілуі мүмкін

«Осыған байланысты біз жедел шаралар қабылдауға дайын болуымыз керек. Инфрақұрылымдық жобалардың есебінен жұмыс орындарын сақтау және жаңасын құру, жұмыспен қамтудың жол картасын жалғастырып, «Еңбек» бағдарламасы бойынша субсидияланған жұмыс орындарының көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Қысқартылған жұмыс режиміне көшу кезінде жалақының бір бөлігін ең төменгі жалақы деңгейінде өтелуі немесе субсидиялануы мүмкін. Карантин кезеңіндегі жұмыссыздар үшін жұмысынан айрылған кезеңге төленетін төлем мөлшерін көбейту бойынша ұсыныстарды жоспарға енгізу жайы қарастырылып жатыр», – деді Нұрымбетов.

Еңбек министрі карантин қайта енгізілсе, ол көп адамның жұмысынан уақытша айырылуына, сәйкесінше кірістерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін де атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

В Шымкенте стартовал референдум по строительству АЭС в Казахстане

bastynews

ШЫМКЕНТ: УТВЕРЖДЕНЫ МЕСТНЫЕ ГРАНТЫ НА ОБРАЗОВАНИЕ В 2025–2026 УЧЕБНОМ ГОДУ

bastynews

«Енді біз – ерлі-зайыпты жандар емеспіз, болашақта жақын достар болып қалу туралы шешім қабылдадық» – Ақан Сатаев

Bastynews

Пікір қалдыру