Соңғы жаңалықтар

Шексіз сыра. Айрықша ұсыныспен үй сатылымға шықты

АҚШ-та Флорида штатының Лейк-Ворт қаласында қарапайым пәтер айрықша ұсыныспен сатылымға қойылды. Америкалық Anheuser-Busch компаниясының шарты орындалса, сатып алушының тоңазытқышы өмір бойы сыраға толып тұрады, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы Dirt сайтына сілтеме жасап.

Компания шарты қарапайым. Пәтерді сатып алған адам оның ішкі дизайнын өзгертпеуі тиіс. Сонда үй иесі «шексіз сыраға» ие болады.

Ауданы 76 шаршы метрді құрайтын үй ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Пәтерде екі жуынатын бөлме, екі жатын бөлмесі бар. Үйдің төбесі толықтай чехиялық «Будвайзер» сырасының банкасымен безендірілген.

Сонымен қатар үйді безендіруде Anheuser-Busch компаниясының брендтік өнімдері де (бейболкалар, сыра саптыаяғы т.б.) қолданылған. Қазіргі уақытта сатып алушы әлі табыла қойған жоқ. Сатылым бағасы – 100 мың доллар (42,1 миллион теңге).

Қатысты жаңалықтар

Моторы «май жейтін» көлігі бар қазаққа қиын болады

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ «MEYIRIM.KZ» ПОРТАЛЫНДА ТІРКЕЛГЕН 3500-ДЕН АСА ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Bastynews

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру