Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

2020 жылдың 1 тамызындағы деректер бойынша, Қазақстан халқының саны 18,7 миллионнан асты, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті жариялады. Ресми мәліметке сүйенсек, тамыз айының басында ел халқының саны 18 миллион 767,5 мың адамды құраған. Оның ішінде қалада тұратындар – 11 миллион 49 мың адам болса (58,9%), ауыл халқы – 7 миллион 718,5 мың адамды (41,1%) құраған.

Нәтижесінде ел халқының саны 2019 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 238,6 мың адамға, яғни 1,3%-ға өскен. Аталған кезең аралығында ең жоғары өсім үш өңірде, атап айтқанда, Алматы (64,2 мың), Нұр-Сұлтан (30,6 мың), Шымкент (30,6 мың) қалаларында тіркелді.

Қатысты жаңалықтар

Туған әкесіне тұрмысқа шыққан қыз жұрттың жағасын ұстатты

Bastynews

Қазақстанда азық-түлік тағы да қымбаттайды

Bastynews

БАЛУАННЫҢ ОТБАСЫ

Bastynews

Пікір қалдыру