Соңғы жаңалықтар

3 баланың анасы 3 жыл бойы алимент төлемеген бұрынғы күйеуін праймеризден тапты

Праймеризге қатысып жатқан азаматтың бұрынғы әйелі оның алимент төлемей қашып жүргенін жазды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданының тұрғыны Толқынайдың хаты фейсбук желісінде кеңінен тарап жатыр. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі праймеризге қатысып жатыр. Дегенмен оның өз балаларына алимент төлемегеніне біраз болған. Желі қолданушысының жазуынша, оның 3 баласы бар. Азамат шаруа қожалығында істейтінін және 20 мың жалақы алатынын айтып, алиментке 10 мың беріп тұратынын да жазып беріпті. Бірақ нәтиже жоқ.

«Осындай адамды қалай праймеризге қабылдайды екен… Ең соңғы рет 2017 жылы сотқа қайта-қайта арыз жазып, сол жылы алимент алдым. Міне, содан бері алимент төлемеді» деп жазады ол.

Айта кету керек, желі қолданушысы жазған азамат праймеризге шаруа қожалығының иесі ретінде қатысып жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Қызылорда тұрғыны анасының қазасындағы әрекеті үшін айыппұл арқалады

Bastynews

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОДЕЛІ: «LESSON STUDY» ЗЕРТТЕУ ТОБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

bastynews

ЖОЛДАУ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

Bastynews

Пікір қалдыру