Басты жаңалықтар

Тұңғыш Президент қызының шетелдегі 131 миллион доллары елге қайтарылады

Ақша

Тұңғыш Президент қызының Швейцария банктеріндегі есепшотында қалған 131 миллион доллар елге қайтарылады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Швейцария үкіметінің хабарламасында айтылды. Тараптар келісімі бойынша, ресми Ташкент қайтарылған ақшаны қалай жұмсағанын ашық жариялап, есеп беріп отыруы тиіс. Яғни қаржы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жобаларға жұмсалуы тиіс.

Гүлнара Каримованың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша 715 миллион доллар бұғаттаулы күйде қалған. Бұл қаржы да жоғарыда аталған шартпен Өзбекстанға қайтарылуы мүмкін.

Каримова «ақша жымқыру» және «бопсалау» баптары бойынша сотталған. 2012 жылы Швейцарияның федералдық прокуратурасы қылмыстық іске байланысты Каримованың шамамен 879 миллион долларын бұғаттаған еді. Биыл мамыр айында Франция Өзбекстанға Каримованың 10 миллион долларын қайтарған. Бұл қаражат Өзбекстанның мемлекеттік бюджетіне аударылған.

Өзбекстан билігі активті қайтару бойынша Швейцария, АҚШ, Франция, Ресей Федерациясы және өзге елдердің құзырлы органдарымен жұмыс істеп жатыр. Ақпарат бойынша, мәселе Каримованың 1,3 миллиард доллар активі жайлы болып отыр.

Қатысты жаңалықтар

ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ КЕҢЕЙІП, ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

bastynews

САЙРАМ АУДАНЫНДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ: ҚҰС ФАБРИКАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫС БОЯУЛАРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ

bastynews

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА 2 МЫҢ ТҮП ТАЛ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру