Қоғам

КАРАНТИН: сенбі-жексенбідегі шектеулер қашан алынатыны белгілі болды

карантин

Azatmedia.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов демалыс күндергі карантиндік шектеулер қашан алынатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шектеулердің алынуы тек қана қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты. Қазір ауруханаларда 4 600 адам емделіп жатыр. Егер науқастар саны төмендесе, сенбі-жексенбідегі шектеулер алынады. Бірақ, бұл көрсеткіштер өсетін болса, сенбі-жексенбідегі шектеулер басқа күндерге де созылуы мүмкін», – деп жауап берді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілші сұрағына.

Сонымен бірге, Б. Қожахметов елімізде қандай жағдайда карантин басталатынын айтып берді.

«Егер де Қазақстанда бір тәулікте барлық инфекциялық ауруханаларда 30 мың науқас тіркелсе, сол күні арнайы комиссия шешім қабылдап, Қазақстанда локдаун немесе карантин енгізеді», – деді Бағдат Қожахметов.

Қатысты жаңалықтар

2 млн тенге отдал шестиклассник из Шымкента за «прокачанный» аккаунт в игре.

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ БЮДЖЕТТІҢ ӨЗ КІРІСТЕРІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

bastynews

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН МАЗМҰНДЫ АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру