Әлем жаңалықтары

Румыния да Қазақтың ұлы ақынына ескерткіш орнатты

Абай 175

Румыния астанасы Бухаресте Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ұлы ойшылға ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Іс-шараға Румыния жоғары лауазымды тұлғалары мен белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, шетелдік қонақтар қатысты. Олардың арасында Румынияның экс-президенті Эмиль Константинеску, Парламент палатасының вице-спикері, «Қазақстан-Румыния» парламентаралық достық тобының төрағасы Флорин Иордаке бар.

Салтанатты ашқан Қазақстанның Румыниядағы елшісі Рүстем Нұрбахов Абай ескерткіші екі халықтың өзара құрметінің айқын белгісі екенін айтты. Жиында Абай қара сөздерінің румын тіліне аудармасының таныстырылымы өтті. Сондай-ақ, қазақ халқының ұлттық ерекшелігін бейнелейтін суретші Алуа Тебенованың туындылары көрсетілді.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕАЭО ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІ ҰСЫНДЫ

bastynews

90-жылдары Германияға көшкен неміс әжейдің қазақша батасы жұртты сүйсіндірді (видео)

Bastynews

Трамп ауыр хәлде, инсульт алған

Bastynews

Пікір қалдыру