Әлем жаңалықтары

ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

2024–2025 оқу жылының көктемгі семестрінде Шымкент университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда. Бұл бағдарлама студенттердің шет мемлекеттерде білім алуына мүмкіндік беріп, олардың кәсіби және тұлғалық дамуына жол ашады.

Ағымдағы оқу кезеңінде университеттің тоғыз студенті Польша, Түркия және Өзбекстан мемлекеттерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына жіберілді. Олар өз білім беру бағдарламалары бойынша академиялық тәжірибесін тереңдетіп, жаңа мәдени ортада оқудың артықшылықтарын меңгеруде.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетте екі студент білім алуда:

  • Бердіхан Айбек – «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті;
  • Үсен Мұса – «Химия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.

Аталған университет – Польшадағы жетекші зерттеу орталықтарының бірі болып саналады. Мұнда студенттерге заманауи зертханалар мен халықаралық деңгейдегі профессор-оқытушылар құрамымен жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

Анкара қаласындағы беделді Анкара университетінде «Шет тілі: екі шет тілі» бағдарламасы бойынша 2-курс студенті Валиева Зульфинигор өз оқуын жалғастыруда. Сонымен қатар, Бейсебаева Ақерке Түркияның ең танымал жоғары оқу орындарының бірі — Хажеттепе университетінде магистрлік бағдарлама аясында өз білімін жетілдіруде.

Бұл университеттер әлемдік рейтингтерде жоғары орындарға ие болып, студенттерге халықаралық академиялық стандарттарға сай білім береді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы — бұл тек жаңа білім алу ғана емес, сонымен қатар студенттердің мәдениетаралық коммуникацияны меңгеруіне, жаңа ортаға бейімделуіне, шетел тілдерін жетілдіруіне және халықаралық ғылыми тәжірибеге қатысуына жол ашатын бірегей мүмкіндік.

«Академиялық ұтқырлық — бұл студенттердің тұлғалық және кәсіби өсуінің негізі. Біздің мақсатымыз – жастардың жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, көптілді және көпмәдениетті маман болып қалыптасуына жағдай жасау», – дейді университет басшылығы.

Университет халықаралық серіктестікті кеңейту арқылы алдағы уақытта академиялық ұтқырлықты жаңа бағыттармен толықтыруды көздеп отыр. Бұл – білім сапасын арттырудың, жаһандық интеграцияға бет бұрудың және студенттердің кәсіби әлеуетін дамытудағы маңызды қадам.

Қатысты жаңалықтар

KAZAKH NATIONAL H-INDEX RANKING ТОП-1000: ИМАНБАЕВ НҰРЛАН САЙРАМҰЛЫ — ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

bastynews

Президент журналиспен төбелесе жаздады

Bastynews

Владимир Зеленский Путиннің атысты уақытша тоқтату шешіміне «манипуляция» деп баға берді

bastynews