Ақпарат

8 облыста дабылды ескерту жарияланды

Осень

Қазгидромет Нұр-Сұлтан қаласы мен 8 облыста дабылды ескерту жариялады деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 4 қыркүйекте Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

3 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, 4 қыркүйекте Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қатысты жаңалықтар

ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ МЕН КОГНИТИВТІК САУАТТЫЛЫҚ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТ: 90 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ ПНЕВМОНИЯДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Bastynews

ТҮРКІСТАНДА «SHOW MATCH» ФУТБОЛ ОЙЫНЫНДА «KAZAKHSTAN» ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

bastynews

Пікір қалдыру