Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: МОНИТОРИНГТІК ТОП 500-ГЕ ЖУЫҚ ДӘРІХАНАҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев және Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзиловтың қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өтті

Брифингте Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері кәсіпкерлік нысан иелерінен санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.

– Мақсатымыз айыппұл өсімін көбейту емес, бірақ кәсіпкерлік нысан иелері талапқа сай жұмыс істемесе, шара қолданамыз. Бұл ретте эпидемиологиялық ахуал кезіндегі қаламыздағы дәріханаларға жүргізілген мониторинг бойынша айтсам, 457-і дәріханаға тексеру жүргізілді. Олардың 87-сінен заң талаптарын бұзу анықталып, айыппұл салынды. Және олардың 27-сі сотқа жолданып, бүгінде 8-не тергеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Ә.Төлебаев.

Әбдіманап Қошқарұлының сөзіне сүйенсек, коронавирус инфекциясына байланысты шектеу шаралары кезінде қалада осы жылы өзге де инфекциялық аурулар (оба, тырысқақ, құтыру, паратиф, дифтерия, көкжөтел, қызамық, іш сүзегі, полиомиелит, сальмонеллез) тіркелмеген.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ІІ СЕССИЯ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА

Bastynews

Емші адам бойынша дуа барын анықтайтын оңай әдісті айтты

Bastynews

Музей қоры жаңа жәдігерлермен толығуда

Bastynews

Пікір қалдыру