Соңғы жаңалықтар

Келестің күйген кірпіші жоғары сұранысқа ие

Келес ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінде айына 1 млн.-ға жуық кірпіш шығаруда, деп хабарлайды azatmadia.kz.

Бірлік елді мекенінде «ТМстрой21» ЖШС-і күйген кірпіш шығару қуаттылығы тәулігіне 32 мың дана өнім өндіруде. Жалпы жобаның құны 200 млн.теңге.

Жалпы зауыттың құрылысы 2018 жылы бастау алған. Бүгінгі таңда толық іске қосылған зауыт қазіргі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың жалақысы тұрақты берілуде.

Айта кетейік, қызметін сәтті ұштастыра білген зауыт үшін аудандық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қол ұшын созуда. Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған осы бір бірегей институт «бір терезе» қағидасы бойынша  халыққа қызмет көрсетеді. Онда жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар аталған зауытқа жолданып, жұмыспен тұрақты түрде қамтылған.

Илеуі қанған саздан күйдіріліп, жоғары сапада дайындалатын бұл кірпіштер кез келген нысан құрылысына жарамды келеді. Жергілікті өнімге деген сұраныс та жоғары. Қазіргі таңда, шығарылған бұл өнімдер жергілікті аймақта саудалануда, сондай-ақ, кірпіш зауыты өздінің өнім көлемін алдағы уақытта арттыруды да көздеп отыр.

Қатысты жаңалықтар

Ауыл жастары тұрақты жұмыспен қамтылуда

Bastynews

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛО ТУРИСТИЧЕСКОЕ МЕРОПРИЯТИЕ «MEDIA CAMP»

Bastynews

Депутат халық кредитін кешіруді ұсынды

Bastynews

Пікір қалдыру