Ақпарат

ШЫМКЕНТ:ӘКІМ ОНЛАЙН БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады. Әр аптаның жұма күндері өтетін онлайн қабылдауда қала тұрғындары аулаларды абаттандыру, кәсіпкерлікті қолдау мәселесі мен көшеге атау беру, тарихи тұлғаларға ескерткіш орнату және білім салаларына қатысты сұрақтарын жолдады, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AzatMedia.

Қала әкімі барша азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, бірінші көтерілген абаттандыру бойынша жұмыстар рет-ретімен шешімін табатынын жеткізді. Сонымен қатар биылғы жылы Шымкенттегі 300-ден астам аула абаттандырылып, ойын және спорт алаңшалары жаңартылып жатқанын атап өтті. Ал атауы жоқ көшелерге атау беру заң талаптары шегінде қаралып, мараторий ашылғанда тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Қабылдау барысында көтерілген басқа да сауалдар бойынша қала әкім басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне әрбір өтінішті жеке қарауды айтып, тиісті жұмыстарды жүргізу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН КОЛЛЕДЖДЕРІНДЕ АЛҒАШ РЕТ СТУДЕНТТЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАУ БАСТАЛДЫ

bastynews

Махаббат хикаясымен көпшілікті таңғалдырған Марлен Нұрғасеновті Атырау полициясы іздеп жатыр

Bastynews

«ЕР ҚАРУЫ – БЕС ҚАРУ» ОНЛАЙН-КӨРМЕСІ ӨТТІ

Bastynews

Пікір қалдыру