Санатталмаған

КӘСІПКЕРЛЕР КОРОНОВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 100 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛДІ

Шымкент қаласының кәсіпкерлері коронавируспен күрес шараларына өз үлестерін қосып отыр. Жомарт жандар «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік-қайырымдық қорына бүгінге дейін 100 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Бұл туралы қор директоры Дәуренбек Құрбаниязов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қаржыға 5 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты алынған. Құралдардың төртеуі жаңа жұқпалы ауруханаға, біреуі кардиологиялық орталыққа орнатылған. Бүгінде осы мақсатқа жұмсалған қаржы көлемі 90 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған дәрігерлердің отбасына да «Шымкент қайырымды қала» қоры тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді. Күні бүгінге дейін қордың көмегімен қосымша ашылған провизорлық орталықтардағы төсек-орынға арналған 30 кереует пен 2400 литр минералды су алынған. Алдағы аптада 10 мың бетперде мен 1000 дана медициналық киім тарату жоспарланып отыр.

Айта кетсек, «Шымкент – қайырымды қала» қорының негізгі мақсаты – әлеуметтік, мәдени, ғылыми, спорттық, білім беру мақсаттарына қол жеткізу, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау. Бұл қор коронавирустық инфекциямен күресте үлкен әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.

 

Қатысты жаңалықтар

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ЧЕМПИОНДЫҒЫН БІРГЕ АТАП ӨТЕЙІК

bastynews

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

bastynews

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ: ТАРИХИ МҰРАДАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІККЕ ДЕЙІН

bastynews

ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

bastynews

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру