Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: 250 «БОБРОВ» ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫ МЕН 10 МОНИТОР АЛЫНДЫ

Ауруханаларды материалдық құрал-жабдықтармен қамту ісі де қолғп алынды. Қалада медициналық мекемелерде 323 ИВЛ аппараттары бар, оның 130 портативті аппарат. Сонымен қатар, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 10 монитор алынды,- деді баспасөз мәслихатын өткізген қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Қазіргі таңда 6 ауруханада арнайы кислород станциялары орнатылуда.
Қалалық әкімдіктің резервінен коронавирсқа қарсы шараларға 1,8 млрд. теңге бөлінді. Оның 854 млн.теңгесі материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған.

– 21 ИВЛ аппараттары алынып, жақын арада қойылатын болады. Одан бөлек, қалалық бюджетті оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде, қосымша ИВЛ, басқа да құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер сатып алуға 5 млрд.теңге қаржы бағыттау жоспарланды.

Сонымен қатар медицина саласының қызметкерлерін қолдау шаралары Медицина қызметкерлерінің КВИ-мен ауырған 569 жағдайы тіркелген. Оның 129-ы Түркістан облысының медицина қызметкерлері (дәрігер 143, медбике 258, басқа персонал 128).
Жалпы жағдайдан үлесі 15,8 пайыз.
Медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 2 764 медицина қызметкерлеріне 780 млн.теңге еңбек ақыларына үстемеақы төленді.

Сонымен бірге, халық қоры және демеушілердің есебінен 935 медиицна қызметкерлеріне 42,4 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

336 науқастармен тығыз байланыста жұқпалы ауруханалар медицина қызметкерлерін қонақ үйлерде тұру, тамақ беру, жұмысқа қатынауы ұйымдастырылды.

Мұрат Әйтенов эпидемиологиялық жағдайға байланысты ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап, 20-шы шілдесіне дейін қалада қайтадан карантин шаралары енгізілгенін атап өтті.

Барша шымкенттіктерді бұл шектеу шараларына түсіністікпен қарап, осындай қиын кезеңде дүрбелеңге салынбай, сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды.

 

Қатысты жаңалықтар

«Цифрлық Қазақстан: жасандыинтеллект – заман талабы»

bastynews

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

bastynews

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

bastynews

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

bastynews

ЖЕРГІЛІКТІ ЭКОНОМИКА – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу: салауатты өмір салты – тәуелділіктен сақтанудың тиімді жолы

bastynews

Есірткінің алдын алу

bastynews

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

bastynews

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІККЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

bastynews

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАННЫҢ МЫҢДАҒАН ПОЛИЦЕЙІ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

bastynews

Пікір қалдыру