Санатталмаған

ШЫМКЕНТКЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ МОЛ КӨЛЕМІ ЖЕТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов 20-ға жуық дәріхананы аралап, халықтың арыз-шағымдарымен жеке танысты.

Сондай-ақ, дәріхана сатушыларына дәрі-дәрмек жоқ болған жағдайда басқа сауда атауымен алуға болатынын түсіндіруді тапсырды. Мысалы парацетамолдың панадол сияқты балаларға арналған сироп түрі бар.

Сонымен қатар, қала әкімі дәрі жетіспеушілігінің екі себебін атап өтті. Бірі – алыпсатарлық болса, екіншісі – халықтың үлкен көлемде дәріні артығымен сатып алуы.

Айта кетейік, бүгінде ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар» туралы ҚР Заңына сәйкес, дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудалау – фармацептік қызметтің лицензиялық түрі болып табылады. Аталған кәсіпкерліктің бұл түрін лицензиясыз жүзеге асырғандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 5 шілдеде «дексеметазон» дәрілік препаратын шекті бағадан асырып сатып жатқан дәріхана анықталған. Жедел полиция тобы оқиға орнына барып, аталған жайтты анықтады. Қазір тергеу жүруде, нәтижесінде жауапкершілік қаралатын болады.

Осы ретте тұрғындарға айтарымыз, егер де, алыпсатарлықтың немесе дәрі-дәрмекті шекті бағадан асырған жайттың куәгері болсаңын дереу «109» байланыс нөміріне хабарласыңыз. Тек қана дәрігердің жазып берген қағаздағы рецептісі арқылы дәріханаға барыңыз. Көп мөлшерде дәріні сатып алу – өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін. Себебі дәрінің сақталу мерзімі мен шарттары бар екенін естен шығармаңыз.

Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкентке үлкен көлемде дәрілер жеткізілді, осы аптада дәріханаларға таратылады. Бүгінде қалада дәрі-дәрмектің айлық қоры, атап айтқанда: 25 түрлі 122 825 қорап ыстықты төмендететін, 10 түрлі 148 658 қорап вирусқа қарсы, 27 түрлі 123 050 қорап антибиотиктер, 4 атаудан 42 253 қорап С витаминінің препараттары бар.

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

bastynews

📍 ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

bastynews

«Таза Қазақстан»: в Шымкенте продолжаются экологические акции и работы по озеленению

bastynews

«Таза Қазақстан»: Шымкентте экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акциялар жалғасуда

bastynews

«Таза Казахстан»: молодежь Шымкента провела экологическую акцию

bastynews

«Таза Қазақстан»: Шымкент жастары экологиялық акцияға белсенді қатысты

bastynews

«Халық үні» фронтмендері өңірлерде байқаушыларды оқыту жұмыстарын жүргізді

bastynews

«STOP-RISK» жобасы аясында Әл-Фараби ауданы прокуратурасының бастамасымен және үйлестіруімен «Арбат» саябағында мобильді топтың қатысуымен профилактикалық іс-шара өтті.

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

bastynews

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру