Санатталмаған

М. ӘЙТЕНОВ ҚАЛАДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАР МЕН БІРҚАТАР КӨТЕРМЕ САУДА ҚОЙМАЛАРЫН АРАЛАДЫ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдерімен бірге қаладағы бірқатар көтерме сауда қоймалары мен дәріханаларды аралады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тексеру кезінде «НПО ЗЕРДЕ» ЖШС, «АҚ НИЕТ» ЖШС көтерме қоймаларына барған әкім жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және тиеу кестесі бойынша резервтік қорлармен қамтамасыз етілуіне көз жеткізді.

«Бүгінде қалада дәрі-дәрмектің айлық қоры, атап айтқанда: 25 түрлі 122 825 қорап ыстықты төмендететін, 10 түрлі 148 658 қорап вирусқа қарсы, 27 түрлі 123 050 қорап антибиотиктер, 4 атаудан 42 253 қорап С витаминінің препараттары бар. Қазір үлкен көлемде дәрілер келді, осы аптада дәріханаларға таратылады», – деді қала әкімі.

«АҚ НИЕТ» ЖШС директоры Ержан Ниязалиев келген дәрілер қаладағы 52 дәріханаға таратылатынын, оның ішінде «дексеметазон», «дексан», «клексан» препараттары да бар екенін жеткізді.

«Бұл дәрі-дәрмектерді дәрігердің рецепті бойынша ғана алуға болады және бұл талапты дәріхананың да орындауы тиіс», – деді Е.Ниязалиев.

«Зерде» НПО ЖШС қоймасына 6 камаз дәрі-дәрмек әкелінген. Оның ішінде 1 млн аскорбин қышқылы, 500 мыңға тарта цефтриаксон, 100 мың азитрамицин, немисил, 20 мыңға жуық кагоцел, 14 мың ингавирин бар.

Айта кетсек, 42 желілік дәріханасы бар «Зерде» НПО ЖШС Шымкенттегі 200-ге жуық дәріхананы қамтып отыр.

 

Қатысты жаңалықтар

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

bastynews

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ: ТАРИХИ МҰРАДАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІККЕ ДЕЙІН

bastynews

ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

bastynews

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру