Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ «ІНЖУ-МАРЖАНЫМ – НҰР-СҰЛТАН» АТТЫ БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Шымкент қаласында елорда күніне орай онлайн режимде конференция өтті.

Конференцияда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры С.Бейсенбаев және ОҚМПУ-ның «Рухани жаңғыру орталығының» басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев өзінің тұшымды ойымен бөлісіп, бас қаланың архитектуралық ерекшеліктерін атап өтті.

Сонымен қатар, жастар өкілдері атынан сөз алған «ШАҢЫРАҚ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры С. Байзахова елорда болашақтың, жастардың қаласы ретінде елдігіміздің тұғыры болып келе жатқанына назар аударды.

Сонымен қатар конференция барысында арнайы баяндама оқылып, Ел тірегі болған елорда жайында өз ойларын білдіріп, мерекенің мән-маңызына тоқталды.

Ия, аз ғана уақыт ішінде жаңа астана Отанымыздың жүрегі, халқымыздың мақтанышы, рухани өрлеуіміз бен экономикалық дамуымыздың қозғаушы күшіне айналған бүгінгі астанамыз барлық қазақстандықтардың ортақ жемісі.

Айта кетейік, Шымкент қаласы жастар орталығы «Ел – тірегі елорда» тақырыбында мерекелік апталық ұйымдастырды. Апталық аясында түрлі іс-шаралар қашықтан өтуде.

 

Қатысты жаңалықтар

🌙 ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 🚔

bastynews

КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ
СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ»

bastynews

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

bastynews

Жасанды интеллект және цифрландыру

bastynews

Өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу

bastynews

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ КОСТЕЙ СКОТА СТОИМОСТЬЮ 9 МЛРД ТЕНГЕ

bastynews

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТКРЫЛСЯ ЗАВОД ПО ПРОИЗВОДСТВУ АЛЮМИНИЕВЫХ КОМПОЗИТНЫХ ПАНЕЛЕЙ

bastynews

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

Пікір қалдыру