Санатталмаған

ІНДЕТПЕН КҮРЕСТЕ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕ ҚАЖЕТ

Пандемия салдарынан эпидемиологиялық жағдай елімізді ғана емес, әлемді алаңдатып отыр. Статистика коронавирусқа шалдыққандар саны республикада 20 мыңнан асқанын көрсетті. Ал Шымкентте COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны үш мыңнан асты.

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілген екі айда дертке шалдығу көрсеткіші әлдеқайда төмен болған еді. Бүгінде көрсеткіш күннен күнге өсіп жатыр. Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қатысты күрес шаралары бойынша өткізген кеңесте 11 мамырда шектеулер жойылғаннан кейін дерттің 7 есе өскенін де атап өтті.

Адамзатты алаңдатқан індетпен күресу – жауапты мекемелердің жұмысымен шешілмейді. Бүгінде қалада әкімдік, санитариялық және құқық қорғау органдарынан құрылған мониторингтік топ жұмыс жасауда. Кәсіпкерлік нысандар, қоғамдық орындар мен қоғамдық транспортта, дүкендердің санитарлық талапқа сай жұмыс жасауына тексеріс жүргізуде. Дегенмен заң бұзушылық та азаймай тұр. Дәстүрімізге сай той-жиын, басқосулар, шоғырланулар тоқтамады. Нәтижесінде инфекция жылдам тарап, ауырғандар саны күрт артты. Бұл өз кезегінде медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ салды.

Сондықтан дертпен күресте тұрғындар тарапынан жауапкершілікті сезіну мәселесі тұр. Індетпен күресте халықтың қолдауы, бірлігі, жауапкершілігі қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті шұғыл шаралар қабылдаумен қатар, коронавирус пандемиясының ұзаққа созылуына дайын болуға шақырды. Осыған байланысты орта мерзімді перспективаға арналған қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі ұлттық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Мемлекетке қолдау көрсетіп, талаптарға бағыну арқылы ғана – тығырықтан шыға алатынымызды айтқым келеді.

Мемлекетке қолдау көрсетіп, талаптарға бағыну арқылы ғана – тығырықтан шыға алатынымызды айтқым келеді. Аурудың асқынып, пневмонияға шалдыққандардың жағдайын естіп-көріп жатырмыз. Сондықтан «ковид жоқ» деген жалған ақпараттың жетегінен шығып, санитариялық талаптарға бағынайық. Бетперде мен қолғап, антисептик – күнделікті құралымызға айналуы тиіс.

Жұмағали БІЛІСБЕКОВ, Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

 

Қатысты жаңалықтар

Глава государства отметил, что в условиях глобальной турбулентности первостепенной задачей остается сохранение мира и стабильности в нашем регионе

bastynews

Мемлекет басшысы дүрбелеңге толы дүниеде аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау басты міндет екенін айтты

bastynews

Касым-Жомарт Токаев подчеркнул важность сотрудничества в сфере искусственного интеллекта

bastynews

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды

bastynews

Казахстанцы смогут получить консультации профильных специалистов: в регионах стартуют выездные приемы «Әділет Керуені»

bastynews

Бейінді мамандар қазақстандықтарға кеңес береді: өңірлерде «Әділет Керуені» көшпелі қабылдаулары басталды

bastynews

📚 БІРГЕ ОҚИМЫЗ, БІРГЕ ОЙЛАЙМЫЗ!

bastynews

«Әділет» жастары «Оқырман ұрпақ» жобасын іске қосты

bastynews

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШЫМКЕНТТЕ 150 ОРЫНДЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру