Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚҚАНДАРДЫҢ САНЫ 705-КЕ ЖЕТТІ

AzatMedia. Қазақстанда өткен тәулікте 1604 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Өткен тәулік ішінде еліміздің 1604 азаматынан коронавирус инфекциясы табылған болса, оның 69-ы – Шымкент қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы тәуліктегі нәтиже бойынша аймақтарға тоқталсақ, Нұр-Сұлтан қаласы – 110, Алматы қаласы – 113, Ақмола облысы – 92, Ақтөбе облысы – 37, Алматы облысы – 98, Атырау облысы – 229, Шығыс Қазақстан облысы – 98, Жамбыл облысы – 48, Батыс Қазақстан облысы – 149, Қарағанды облысы – 191, Қостанай облысы – 32, Қызылорда облысы – 45, Маңғыстау облысы – 71, Павлодар облысы – 89, Солтүстік Қазақстан облысы – 81, Түркістан облысы – 52. Жалпы ел бойынша қазіргі таңда ауырғандар саны – 41 055.

Қосымша айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19″ инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3151-ге (+69) жетсе, жазылып шыққандар саны 705 адамды құрайды. Ал, індеттен қайтыс болғандар саны 15-ке жеткен.

Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

📚 БІРГЕ ОҚИМЫЗ, БІРГЕ ОЙЛАЙМЫЗ!

bastynews

«Әділет» жастары «Оқырман ұрпақ» жобасын іске қосты

bastynews

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШЫМКЕНТТЕ 150 ОРЫНДЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

bastynews

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

bastynews

СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – ТҮРКІСТАННЫҢ АГРАРЛЫҚ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

bastynews

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯ: МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІГІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯ: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАН НАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІККЕ ДЕЙІН

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРМЕН БІРГЕ БІР КҮН ӨТКІЗІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

bastynews

ҮШ ҰРПАҚ – ОРТАҚ МҰРАТ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАРИЯЛАР ӨЗАРА КІМ МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

bastynews

Пікір қалдыру