Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ДЕРТТЕН 669 НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

AzatMedia. Шымкент қаласы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 784 адам тіркелген. Солардың ішінде 1 540 науқас симптомдық болса, симптомсызы – 1 244 адам. Осы уақытқа дейін жұқпалы дерттен 669 науқас емделіп шықты. Ал 14 науқас қайтыс болды. Қазір инфекциялық ауруханада 343 науқас ал, провизорлық орындарда – 1 407 адам ем қабылдап жатыр.

Эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу мақсатында қала стационарлары төсек-орындармен, ал дәріханалар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Қала бойынша ауруханаларда 2 380 төсек-орын бар (жұқпалы аурулар – 650, провизорлық – 1 730), олардың ішінде бос орындар – 447 (жұқпалы ауруларға – 123, провизорлық – 324).

Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының базасындағы күндізгі стационарларда қосымша 628 төсек-орын дайындалып, бүгінде сонда 315 науқас ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 350 төсек орын болса, оның 45 –і бос. Ал, қалалық жұқпалы аурулар орталығындағы 200 орынның 20-сы бос. «Атамекен» оңалту орталығында – 100 төсек орын бар. Қазіргі кезде оның 54-і бос.

Күн сайын өңірімізде коронавирус індетін жұқтырған азаматтар жазылып, барлық қиыншылықтарды артқа тастап, ертерек отбасымен қауышуларына тілектеспіз.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары мен тестілеу өтті

bastynews

Нұрлан Әбдіров Түркістан облысындағы сайлау науқанына дайындықты тексерді

bastynews

Бөрте ханымның тарихи келбеті

bastynews

17 АЛТЫН МЕДАЛЬ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОЛ КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

bastynews

МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНЕ «ҰЛТТЫҚ» МӘРТЕБЕ БЕРІЛЕДІ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ТОННА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

ТАЗА АУМАҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

📚 «Кітап оқитын ұлт»: Ұлттық ұланның әскери бөлім кітапханасы түркі халықтарының әдебиеттерімен толықты

bastynews

ТҮРКІСТАНДА «САҚШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру