Санатталмаған

КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРЛАР САНЫН КӨБЕЙТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, қаламыздағы жеңіл атлетика спорт кешенінен қосымша 450 орындық күндізгі стационар дайындалуда.

Орталықта ЖРВИ және пневмония жұқтырған науқастар ем қабылдайтын болады. Мұнда 450 кереует орналастырылды. Оның 350-і ОҚМПУ жатақханасынан жеткізілсе, 100 кереует демеушілер есебінен алынды. Бүгінде дәнеркелеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. 1 шілдеге дейін 450 орын толығымен дайын болады.

Сонымен қатар, қажетті дәрі-дәрмектерді сақтауға жеті тоңазытқыш жеткізілді. Мамандардың айтуынша, күндізгі стационарға 50 дәрігер, 75 мейірбике, 20 санитар қызметкері қажет болады. Спорт кешеніндегі жұмысты үйлестіруге қаладағы №5 емхана ұжымы жұмылдырылады.

Айта кету керек, бұл стационар таңғы 8-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қазіргі таңда қалада жұқпалы ауруларды қабылдайтын 2870 төсек-орын бар. Оның ішінде 2220 орын – провизорлы, 650 орын жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарға арналған. Бүгінде 447 орын бос. Маусым айында ЖРВИ жұқтырғандар саны 2 есеге, пневмониямен ауырғандар саны 6 есеге көбейген.

Осыған орай, Самал-3 шағын ауданындағы жаңа мектептен – 400 орындық, Политехникалық колледжінен – 400 орын, ҰОС ардагерлері орталығынан 100 орындық провизорлы орындар ашылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

bastynews

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ: ТАРИХИ МҰРАДАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІККЕ ДЕЙІН

bastynews

ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

bastynews

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру