Қоғам

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!

«Бәйтерек жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен Байылдыр ауылында нашақорлықтың алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауыл тұрғындарымен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері сөз болып, зиянды әдеттің алдын алу жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді.

Жиынға Түркістан облысы, Кентау қаласында қызмет ететін нарколог-психиатр дәрігер Смайлова Әсем Әділханқызы қатысып, тұрғындармен еркін пікір алмасып, нашақорлықтың адам өміріне тигізетін зияны мен оның салдары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар тұрғындарға нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық брошюралар таратылып, пайдалы кеңестер ұсынылды. Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды.

Нашақорлыққа жол жоқ!
Салауатты өмір салтын бірге қалыптастырайық!

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

bastynews

Свобода слова и ответственность: права журналистов и блогеров в период избирательной кампании

bastynews

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ҮНДЕСТІГІ: ТІЛГЕ БОЙЛАУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

bastynews