Қоғам

«ҚАЙЫРЫМДЫ ІС – ЖАН АЗЫҒЫ» АКЦИЯСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ӨТТІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Төлеби ауданында «Қайырымды іс – жан азығы» акциясы аясында қайырымдылықтың адам өміріндегі маңызын насихаттауға арналған игі шара өтті.

Аталған бастама қоғамда өзара көмек пен жанашырлықты қалыптастыруға, ерекше балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсетуге, сондай-ақ ізгі істерімен көпшілікке үлгі болып жүрген азаматтарды насихаттауға бағытталды.

Акция барысында қайырымдылық жасап, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетіп жүрген жандардың еңбегі таныстырылды. Сонымен қатар ерекше балалардың шығармашылық қабілеттері мен жетістіктерін көрсететін фотокөрме ұйымдастырылып, көпшілікке ұсынылды.

Шара барысында адамға қолдау көрсету тек материалдық көмекпен шектелмейтіні айтылды. Жылы сөз, көңіл бөлу, жанынан табылу және сенім білдіру де – үлкен қайырымдылықтың белгісі. Осындай қарапайым игі әрекеттер қоғамдағы мейірім мен адамгершіліктің нығаюына жол ашады.

Ерекше балалардың қабілетін танытып, олардың жетістіктерін көпшілікке көрсету – қоғамның әр мүшесіне ортақ жауапкершілікті сезіндіретін маңызды қадам. Мұндай бастамалар балаларға қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың ата-аналарына да рухани демеу береді.

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі ниет. Бір жанға жасалған жақсылық кейде оның өміріндегі үлкен үмітке айналуы мүмкін.

«Қайырымды іс – жан азығы» акциясы аясындағы жұмыстар жыл бойы жалғасып, мейірім мен қамқорлықты қажет ететін азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған жаңа бастамалар жүзеге асырылатын болады.

Қатысты жаңалықтар

Діннің мемлекеттен бөлінуі Қазақстанның жаңа Конституциясында егжей-тегжейлі реттелетін болады

bastynews

Өзара құрмет пен теңдік – ізгілік жолы

Bastynews

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

bastynews