Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Сайрам ауданында «Қайырымды іс – жан азығы» акциясы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы қайырымдылық пен мейірімділік құндылықтарын кеңінен насихаттау, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және ерекше балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету.
Акция аясында қайырымдылық жасап жүрген азаматтардың игі істерін насихаттауға бағытталған тақырыптық баннерлер орналастырылып, ерекше балалардың өмірі мен шығармашылығын танытатын фотокөрме ұйымдастырылды.
«Қайырымды іс – жан азығы» акциясы қоғамдағы өзара қолдау мен жанашырлықты нығайтып, көпшілікті ізгілік пен мейірімділікке үндейді.
Жоба аясындағы қайырымдылыққа бағытталған игі бастамалар жыл бойы жалғасын табатын болады.


