Ақпарат Қоғам

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында үгіт-насихат материалдарын тазалау жұмыстары басталды Түркістан облысында сайлауалды үгіт-насихат науқаны аяқталғаннан кейін ақпараттық материалдарды жинау және орналастырылған орындарды тазалау жұмыстары басталды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Әділет» партиясының жастар штабы өңір аумағында сайлауалды науқан барысында орналастырылған үгіт-насихат материалдарын алып, олардың іздерін тазалауға кірісті.
Жұмыс барысында қоғамдық орындармен қатар, кәсіпкерлік нысандарға да ерекше назар аударылуда. Бизнес субъектілерінің қалыпты жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында ғимараттардың әйнектерінде қалған желім іздері арнайы құралдардың көмегімен мұқият тазартылуда.
Жастар штабының бұл бастамасы сайлауалды науқаннан кейін қоғамдық кеңістіктердің тазалығын қалпына келтіруге, кәсіпкерлік нысандарға ұқыпты қарауға және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар Түркістан облысының қала, аудан және елді мекендерінде жалғасатын болады.
Тазалық – ортақ жауапкершілік. Қоғамдық кеңістікті таза ұстау – әрқайсымыздың міндетіміз.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА МАЛ БАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Bastynews

ДРЕЗДЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫНЫҢ ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОРЫС ТІЛІНІҢ ЗАМАНАУИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РОЛІ ТУРАЛЫ ЛЕКЦИЯСЫ

bastynews

Атомды бейбіт мақсатта қолданудың артықшылығы

bastynews