Жаңалықтар

Түркістан облысында балаларға арналған «Қаржылық қауіпсіздік» квесті өтті

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында жазғы сауықтыру лагерьлерінде «Қаржылық қауіпсіздік» атты интерактивті квест ұйымдастырды.

Іс-шара Сайрам ауданы білім бөлімінің «Оқушылар үйі» МКҚК базасында орналасқан балалар жазғы сауықтыру лагерінде және «Лок Машат» ЖШС қарасты балаларды сауықтыру лагерінде өтіп, жалпы 700-ге жуық баланы қамтыды.

Квест барысында қатысушылар фишингтік хабарламаларды анықтау, интернет-алаяқтықтан қорғану, күмәнді сілтемелер мен QR-кодтарды тану, сондай-ақ жеке деректерді қорғау бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындады.

Іс-шара балалардың қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және цифрлық ортадағы қауіпсіздік дағдыларын дамытуға бағытталды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АУЫЗСУ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Bastynews

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ МЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ

bastynews

ШАРДАРА АУДАНЫНДА 60 ПӘТЕРЛІ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

bastynews