Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі шарты екенін ерекше атап өткен болатын. Бұл бағыт бүгінде қоғам үшін аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені құқықтық әрі қаржылық сауатты қоғам ғана кез келген қауіп-қатерге төтеп беріп, тұрақты дамудың берік негізін қалыптастыра алады. Осы мақсатта Түркістан облысы, Сауран ауданында тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған мазмұнды семинар-кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қаржылық қауіпсіздік дағдыларын дамыту, интернет-алаяқтықтың алдын алу және қоғамда заңға деген құрметті нығайту. Кездесу барысында қатысушыларға қаржылық жоспарлау, несие рәсімдеу кезіндегі жауапкершілік, қарыздық міндеттемелерді тиімді басқару, жеке қаражатты дұрыс пайдалану, сондай-ақ азаматтардың заң аясындағы құқықтарын қорғау жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар соңғы уақытта кең таралған интернет-алаяқтық, жалған несие рәсімдеу, онлайн қаржы пирамидалары мен киберқылмыс түрлерінен сақтану мәселелері кеңінен талқыланды. Мамандар нақты мысалдар келтіріп, өмірде жиі кездесетін жағдайлар арқылы тұрғындарға пайдалы кеңестер ұсынды. Семинарға арнайы шақырылған сарапшылар қатарында «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай, «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков, сондай-ақ PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова болды.

Сарапшылар өз салалары бойынша маңызды ақпараттар ұсынып, тұрғындардың көкейіндегі сауалдарға нақты әрі кәсіби жауаптар берді. Мамандардың пікірінше, құқықтық және қаржылық сауаттылық – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Қаржылық сауаттың төмендігі азаматтарды түрлі алаяқтық әрекеттерге ұрындырып қана қоймай, әлеуметтік және психологиялық қиындықтардың туындауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу – уақыт талабынан туындаған маңызды міндеттердің бірі. Іс-шара соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан нақты кеңестер алды. Қатысушылар мұндай ашық форматтағы кездесулердің қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтіп, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шаралардың алдағы уақытта да жалғасуына қолдау білдірді.

Қатысты жаңалықтар

В Шымкенте прошли учения по гражданской защите «Қыс-2025»

bastynews

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

bastynews

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ:
«ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews