Жаңалықтар Қоғам

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді. Ал бұл – әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі шарты», – деп атап өткен болатын. Бұл тұжырым бүгінгі қоғам үшін айрықша маңызға ие. Өйткені құқықтық мемлекет құру жолында табысқа жетудің басты алғышарты – азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығы.

Осы бағытта Түркістан облысы, Шардара ауданында тұрғындардың құқықтық және қаржылық мәдениетін арттыруға арналған мазмұнды семинар-кездесу өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға күнделікті өмірде жиі кездесетін қаржылық мәселелер, алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары, несие шарттарының ерекшеліктері, сондай-ақ өз құқықтарын тиімді қорғау тетіктері жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Кездесуге арнайы шақырылған сарапшылар қатарында «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай, «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков, PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова болды. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға нақты әрі қолданбалы кеңестер ұсынды. – Құқықтық және қаржылық сауаттылық – әр азаматтың жеке қауіпсіздігінің негізі. Әр адам өз құқығын біліп қана қоймай, оны заң аясында қорғай алуы қажет. Біздің мақсат – халыққа бағыт-бағдар беріп, құқықтық қолдау көрсету, – деп Жандос Әзімбай. Ал психолог Салтанат Асанова қаржылық сауатсыздықтың салдарына тоқталып: – Қаржылық сауаттың төмендігі тек материалдық қиындықтарға ғана емес, сонымен қатар күйзеліс, отбасылық түсініспеушіліктер және тіпті лудомания сияқты әлеуметтік-психологиялық мәселелерге алып келуі мүмкін. Сондықтан әр адам қаржылық тәртіп пен эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауды үйренуі тиіс, – деді. Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты жауаптар алды. Қатысушылар мұндай ашық әрі пайдалы диалог алаңдарының қоғам үшін маңызын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай кездесулердің тұрақты түрде ұйымдастырылуын қолдайтындарын жеткізді.

#қаржылық_сауаттылық #қаржы #афм #түркістан_облысы #бәйтерек

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ РЕФЕРЕНДУМҒА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН «БІЗ ӨРКЕНДЕГЕН ЕЛ ҮШІН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

bastynews

Отбасылық дәстүрлер және құндылықтар

Bastynews

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН ҒЫЛЫМИ СЕРІКТЕСТІККЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

bastynews