Санатталмаған

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласында медициналық ұйымдарда стационардың жұмысы күшейтілді, деп жазады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AzatMedia.

Пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастар енді емханада ем қабылдай алады. Бұл үшін медициналық ұйымдарда күндізгі стационардың төсек қоры кеңейтілді.

Пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін 14 мемлекеттік емханада және 26 жекеменшік медицина орталығында 623 төсек – орын дайындалды. Күндізгі станционарда медицина мамандары демалыс күндеріне қарамастан, аптасына жеті күн, таңғы сағат 08:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мұндағы мамандар дәрігердің тағайындауы бойынша науқастарға тамырдан және жамбастан екпе салу сынды емдеу шараларын жүргізеді.

Күндізгі станционарда төсек – орын мен дәрілік заттар жеткілікті.

Айта кетейік, науқастар тіркелген емханасы бойынша станционарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емделе алады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының тұрғындары дәріханалардағы дәрілік заттардың бекітілген шекті бағасынан асып кеткенін байқаған жағдайда 30-03-04, 21-23-37 бірыңғай байланыс нөміріне шағымдана алады.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ЧЕМПИОНДЫҒЫН БІРГЕ АТАП ӨТЕЙІК

bastynews

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

bastynews

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ: ТАРИХИ МҰРАДАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІККЕ ДЕЙІН

bastynews

ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

bastynews

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру