Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ «КАВЕНДИШ» БАНАН СҰРПЫ ӨСІРІЛУДЕ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіндегі жылыжай шаруашылығының тынысымен танысып, экзотикалық жемістер өсірумен айналысып отырған жергілікті кәсіпкердің еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, аталған бастаманың өңір экономикасы мен ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беретінін атап өтті. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жергілікті нарыққа өнімді тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Ынтамақ елді мекенінде бүгінде әлемдегі ең танымал банан сұрпы – «Кавендиш» мәуізі пісіп-жетіліп тұр. Экзотикалық жеміс егілген жылыжай аумағы 10 соттық жерді қамтиды. Банан көшеттерін жергілікті кәсіпкер Шамс Тұрсынбаев 2019 жылы Түркиядан арнайы алдыртып, Сарыағаш өңірінің табиғи ерекшелігіне бейімдеген.

Шамс Тұрсынбаев жылыжай шаруашылығымен 1995 жылдан бері айналысып келеді. Ұзақ жылдар бойы қызанақ, қияр секілді көкөніс өнімдерін өндіріп келген кәсіпкер 2019 жылдан бастап тропикалық жемістерді өсіруге басымдық берген. Алғашқы кезеңде банан өсімдігі бірден жерсіне қоймағанымен, жүйелі күтім мен қолайлы жағдайдың нәтижесінде бүгінгі таңда толықтай бейімделген. Жапырақтарының биіктігі 3 метрге, ал сабағының биіктігі 10 метрге дейін жететін «Кавендиш» банан сұрпы бүгінде мол өнім беріп отыр. Кәсіпкердің айтуынша, бұл бастаманың басты мақсаты – «шыбық ексең, шынар өсетін» Сарыағаш топырағының кез келген өнімге қолайлы екенін дәлелдеу және агроөнеркәсіп саласын дамыту.

Айта кетсек, жылыжайда бананнан бөлек папайя, лимон, апельсин, мандарин, кофе және питайя секілді экзотикалық жемістерді жерсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өсімдіктер жылыжай жағдайында өсірілгендіктен, оларға қажетті температура мен ылғалдылық тұрақты түрде сақталады. Соның нәтижесінде алынған өнім экологиялық таза, сапалы және ішкі нарықпен қатар экспорттық әлеуетке ие болады.

Бұл жылыжайдың іске қосылуы жергілікті ауыл шаруашылығының әртараптануына, аграрлық саланың инновациялық дамуына және өңір экономикасының өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, экзотикалық жеміс өсіру тәжірибесі жергілікті тұрғындарға жаңа кәсіби мүмкіндіктерді ашып, жастар мен әйелдерге тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етеді.

Болашақта Шамс Тұрсынбаев жылыжай аумағын кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды, сондай-ақ өндірілген жемістерді өңдеуден өткізу арқылы шырын, пюре және басқа да дайын өнім түрлерін шығару арқылы экспорттық әлеуетті нығайту жоспарын жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл бастама Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, аймақтық және халықаралық нарықта өнімнің беделін көтеруге мүмкіндік береді.

Жалпы, Сарыағаш ауданындағы экзотикалық жеміс жылыжайлары өңірдің ауыл шаруашылығын жаңғыртып, агротуризмді дамытуға, ішкі нарықты әртараптандыруға және жергілікті экономиканы нығайтуға серпін беретін стратегиялық маңызды жоба болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ТӨРТ ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

bastynews

Қырғызстан президенті қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді

Bastynews

Шенділер шайқасы: Әзірге Антикор алып ұрды…

Bastynews