Санатталмаған

АРНАЙЫ ТОП ДӘРІХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДЕ

Шымкент қаласы әкімдігінің және тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті өкілдерінен құрылған топ дәріханалардың дәрілік препараттармен қамтамасыз етуіне, сондай-ақ осы дәрілік заттардың шекті бөлшек бағаларын сақтау бойынша мониторинг жүргізіп жатыр.

Шымкент қаласының дәрі сақтайтын қоймалары мен дәріханаларында «Парацетамол», «Эффералган», «Панадол», «Нурофен», «Ибупрофен», «Нимесулид», «Миг 400» сияқты рецептісіз босатылатын ыстықты төмендететін препараттар бар. Нақтырақ айтсақ, дәріханалық қоймаларда 115 389 қорап, дәріханаларда 123 097 қорап бар екен.

Сонымен қатар, «Ингавирин», «Эргоферон», «Кагоцел», «Арпефлю» сияқты рецептісіз босатылатын вирусқа қарсы препараттардың саны дәріханалық қоймаларда 25 518 қорап, дәріханаларда 12 869 қорапты құрап отыр.

Шекті бағаны «DariKz» электрондық қосымшасы арқылы білуге болады. Қосымшаны смартфонға жүктеп, халық ҚР аумағында рұқсат етілген дәрілік препараттар бағасы көре алады.

Осы орайда, қала тұрғындары дәріханалардағы дәрілік заттардың бекітілген шекті бағасынан асып кеткенін байқаған жағдайда 30-03-04, 21-23-37 бірыңғай байланыс нөміріне шағымдана алады.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Брак на столетие
Почему проект Балхашской АЭС не должен превратиться в слепой завоз зарубежных вахтовиков

bastynews

Атом энергетикасының болашағын кім қалыптастырады және әлем елдері қандай технологияларды таңдайды?

bastynews

КҮЗДІ ТАЗА ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ!

bastynews

Достық пен келісім акциясы аясында

bastynews

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ НАСИХАТТАЛДЫ

bastynews

Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанның берік іргетасы!

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ТҰРАҚТЫ

bastynews

Отбасылық жанжал – құқықтық жауапкершілік

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу – салауатты қоғамның негізі

bastynews

Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес

bastynews

Пікір қалдыру