Жаңалықтар

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕ 432 ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында қарқынды салынып жатқан «Жібек жолы» тұрғын үй кешеніне арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Аймақ басшысы нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуына ерекше назар аударып, мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімі тұрғын үй құрылысының сапасы ең басты талап екенін атап өтіп, инженерлік желілердің, әрлеу жұмыстарының және қауіпсіздік талаптарының толық сақталуы қажеттігін ескертті. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарын бекітілген кестеге сай аяқтап, пәтерлерді белгіленген мерзімде тұрғындардың игілігіне беруді тапсырды.

Жалпы аумағы 5,2 гектарды құрайтын «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде 432 пәтер қарастырылған. Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 23 178,4 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалған. Жобаның жалпы құны 7 880,6 млн теңге, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 4 755,8 млн теңге игерілген.

Құрылыс жұмыстарын екі мердігер мекеме жүзеге асыруда. Атап айтқанда, «Bolt Construction Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3 тұрғын үйді (324 пәтер, 17 384 шаршы метр), ал «Отар құрылыс» ЖШС 1 тұрғын үйді (108 пәтер, 5 794 шаршы метр) салуда. Пәтерлер инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіліп, заманауи талаптарға сай пайдалануға берілмек.

Облыс әкімі жұмыс сапасын бақылау мақсатында сондай-ақ Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан 5000 орынға арналған мешіттің абаттандыру жұмыстарын да қадағалады. Құрылыс алаңына арнайы барған Нұралхан Көшеров абаттандыру жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп, мердігерлерге қарқынды арттырып, жұмыстарды уақытылы аяқтауды тапсырды.

Аталған мешіттің жалпы аумағы 4,2 гектарды құрайды, ал құрылыс алаңы 1286,08 шаршы метр. Қазіргі таңда абаттандыру жұмыстарын «Түркістан Жарық Тазалық» мекемесі жүргізуде, техникалық қадағалаушы ретінде «Сайрам құрылыс» ЖШС бекітілген. Мешіт аумағында жасыл желек отырғызылып, жарықтандыру жүйелері орнатылуда, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар төселіп, қоғамдық кеңістік талапқа сай безендірілуде.

Шығыстық сәулет үлгісінде салынған еңселі мешіттің құрылысы бүгінде 95 пайызға аяқталған. Нысан толық пайдалануға берілгеннен кейін қала тұрғындары мен қонақтары үшін рухани-мәдени орталыққа айналып, Түркістанның сәулеттік келбетін айшықтай түспек.

Қатысты жаңалықтар

«ШЫМКЕНТ СИТИ» САЯБАҒЫНДА БИІКТІГІ 100 МЕТР ТУ ТҰҒЫРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

bastynews

ПРЕОБРАЗОВАНИЕ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ПОЛЯ: ОТКРЫТИЕ НОВОГО ВОЕННОГО КОЛЛЕДЖА В ШЫМКЕНТЕ

bastynews

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ ҰЛТЫ ҚАЗАҚ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ: АКАДЕМИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯҒА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

bastynews