Ақпарат Қоғам

Мемлекет басшысы: «Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық

Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті.

Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асты, ал, жан басына шаққандағы үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды.

Бұл – бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш. Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайды.

Алтын-валюта қорымыз ең жоғары деңгейге жетіп, 65 миллиард доллардан асты.

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады.

Халық саны 20,5 миллионға жуықтады. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті.

Ең бастысы, қоғам өзгерді, реформаларымыз тұрақты сипатқа ие болды, халықтың сана-сезімінде үлкен бетбұрыс жасалды».

t.me/aqorda_resmi

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ӨСІМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

Bastynews

Мектепте оқитын оқушыларға қойылар талап қатаң

Bastynews

16 мая 2026 года в городе Туркестан состоится торжественная церемония запуска проекта по искусственному вызыванию осадковв Республике Казахстан – первого проекта подобного масштаба в Центральной Азии.

bastynews