Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ДОСТЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жартытөбе ауылдық округіндегі Достық елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Бұл тұрғындар үшін күнделікті өмір сапасын арттырып, әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба болды.

Аталған нысанның іске қосылуына арналған салтанатты шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Салтанатты жиында ауыл ақсақалдары жаңа жүйенің іске қосылуын құттықтап, аудан басшысына алғыстарын жеткізді.

Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Достық елді мекенін ауыз сумен қамту мақсатында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары «Универсал Строй Сервис» ЖШС тарапынан сапалы атқарылды. Жоба аясында:

  • сыйымдылығы 500 текше метр болатын 2 су резервуары,
  • бірінші және екінші көтерілімдегі насостық станциялар,
  • қуаттылығы 63 кВА трансформатор қондырғысы орнатылды.

Нәтижесінде 890 абонент таза ауыз сумен қамтамасыз етілді, бұл елді мекеннің тұрғындары үшін негізгі әлеуметтік инфрақұрылымдық мәселелерді шешудің айқын көрінісі болып отыр.

Айта кетейік, биылғы жылы Сарыағаш ауданында жалпы 8 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Бұл көрсеткіштің арқасында ауыз сумен қамту деңгейі 12,76 пайызға артып, 92,1 пайызды құрады. Жоспарланған жұмыстардың жалғасуы нәтижесінде алдағы жылдары аудандағы барлық елді мекендердің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жаңа су жүйесінің пайдалануға берілуі тұрғындардың денсаулығын сақтау мен тұрмыс сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауылдағы экологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді. Қос нысан заманауи құрылғылармен жабдықталған, автоматты бақылау жүйелері арқылы су сапасы мен қысымын қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жоба жергілікті халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға, жастар мен әйелдердің жұмыспен қамтылуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Аудан басшылығы алдағы уақытта да осындай инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастырып, әрбір ауылдың өмір сапасын арттыруға бағытталған тұрақты жұмыстар жүргізетінін атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

Телефон қуаты неге тез таусылатыны белгілі болды

Bastynews

Ковид-19: Ең ауыр кезеңнен өттік

Bastynews

Тоқаев 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Bastynews