Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУАРУ СУЫН ЖЕТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН КЕЛІСІМШАРТТАР ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕЛЕДІ

Түркістан облысында суару суын жеткізуге арналған келісімшарттарды цифрлық жүйе арқылы рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бастама Су ресурстары және ирригация министрлігі, «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ және «Қазсушар» РМК мамандарынан құралған жұмыс тобы арқылы іске асырылып жатыр.

Жұмыс тобы Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Созақ және Отырар аудандарының шаруалары, канал басшылары және су пайдаланушылар бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулер өткізуде. Кездесулерде жаңа биллинг ақпараттық жүйесінің жұмыс қағидалары түсіндіріліп, пилоттық аудандардағы техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер шешілуде. Осы арқылы су есебі мен қызмет көрсету процесін толық цифрлық форматқа көшіру кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Жүйенің негізгі артықшылықтары:

  • Суару суын алу және келісімшарт рәсімдеу бойынша құжат айналымын цифрлық платформаға көшіру;
  • Онлайн төлем жасау мүмкіндігі және көрсетілген қызметтер бойынша орындалған жұмыс актілерін алу;
  • Бірыңғай жер кадастры, салық жүйесі және Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесімен интеграция, бұл пайдаланушылардың қатысуынсыз деректерді автоматты түрде алу мүмкіндігін береді;
  • Өтініштер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы бірнеше минутта рәсімделеді, ал электрондық келісімшарт су беру кезегін автоматты түрде анықтайды;
  • Төлемдер мобильді қосымшалар немесе интернет-банкинг арқылы жүргізіледі;
  • Барлық құжаттар мен қаржылық операциялар пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді.

Жүйенің пайдасы:

  • Су шаруашылығы процестерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру;
  • Су беру және тұтыну көлемдерін нақты бақылауға мүмкіндік беру;
  • Су ресурстарын тиімді жоспарлау және басқару.

«Цифрлық биллинг платформасын енгізу арқылы суару жүйесінде барлық процестер автоматтандырылады, адами қателік азаяды және ауыл шаруашылығы саласындағы ресурстарды пайдалану тиімділігі артады», — деді Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығының басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла.

Алдағы жоспар:
Пилоттық кезең аяқталған соң жүйені облыстың қалған аудандарына кеңейтіп, барлық шаруашылық пен жеке фермерлерге біртұтас цифрлық платформаны қолжетімді ету көзделуде. Бұл бастама өңірде су ресурстарын тиімді басқаруды күшейтумен қатар, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға және инвестициялық тартымдылықты жоғарылатуға ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

КЕЛЕСТЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЛАГЕРЬ АШЫЛАДЫ

bastynews

ШЫМКЕНТ: ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫН ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ МЕН ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

bastynews