Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласында инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру бағытындағы ауқымды жұмыстар жоспарға сай жүзеге асып келеді. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы аймақтағы бірнеше маңызды нысандардың құрылыс, көгалдандыру және инженерлік жұмыстардың орындалу барысын аралап, жұмыс қарқынымен танысты.

Алдымен жаңа қала аумағындағы құрылыс алаңдарында құрылыс қалдықтарын толық жою және нысандардың сыртқы қоршауларын ретке келтіру жұмыстары назарға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстардың сапасы мен мерзімі қатаң бақылауда болып, жауапты сала өкілдерімен тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілетін болады.

Қаладағы негізгі магистралды бағыттардың бірі – Саттарханов даңғылы мен Әуежай тас жолы бойында да көгалдандыру жұмыстары қызу қарқынмен жалғасуда. Жалпы әуежай мен Саттарханов даңғылы бойына 15 000 түп раушан гүлі отырғызылуда.

Сондай-ақ, Жібек жолы тұрғын үй кешеніне апаратын 26-көшеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жол сапасы, инфрақұрылымдық стандарттардың орындалуы және жұмыс кестесіне сәйкестігі мұқият тексеріліп, тараптардан тиісті ұсыныстар берілді.

Айта кетейік, 5,2 гектар аумақты қамтитын «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылысы да белсенді түрде жүріп жатыр. Арендалық және кредиттік үйлерден тұратын бұл жобада 344 пәтер қамтылған. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталған, нысанды сапалы әрі белгіленген мерзімде бітіру бағытында жұмыстар жалғасуда.

Аралау барысында қала басшысы арнайы 5000 орындық мешіттің құрылыс, абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда қасбет және мұнара толық дайын, инженерлік жүйелер тартылып, терезелер орнатылған. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 30-дан астам жұмысшы мен 9 техника жұмылдырылған. Алдағы уақытта мешіт аумағында жасыл желек көлемін арттыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы негізі жолдардың бірі- Айналма жол бойына қоршау орнату және Б.Майлин көшесіндегі реконструкциялау жұмыстарының мәселесі қаралып, тиісті сәулеттік ұсыныстар зерделенді.

Аралау соңында Әзімбек Пазылбекұлы Өндірістік парк пен арнайы экономикалық аймақ аумағында атқарылып жатқан жұмыстарды аралап, инфрақұрылымды ретке келтіру және тазалық деңгейін күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бүгінде мұнда 5000 түп ағаш отырғызылып, кіші өндірістік 5 ғимараттың құрылысы мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМӘДЕНИ ТАНЫМДЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ҚОСЫЛАДЫ

Bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ 7 АЙДА МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

bastynews