Соңғы жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу саласына көбірек қаражат тарту қажеттігін атап өтті. «Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс», деді Президент. Сондай-ақ Жолдауда экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық беру қажеттігі айтылды. Осы орайда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қолға алынған, атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар төңірегінде әңгіме өрбіткен едік.

– Соңғы жылдары Түркістан облысының экономикалық дамуы қарқынды, жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Алдағы уақытқа қойылған мақсат-міндеттер де ауқымды. Облыстың экономикалық әлеуеті соңғы жылдары едәуір артты. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес өңірлік экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында атқарылған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Алдымызға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін өзіндік кірістерді көбейту, өндірісті дамытып, экономикаға инвестиция тарту қажет. Өңір экономикасының дамуына жаңа серпін беретін 111 инвестициялық жобаны қалыптастырдық. Негізгі басымдық ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, энергетика және туризм салалары айқындалды. Осы жобаларды іске асыру есебінен алдағы 10 жылда өзіндік кірістерді 1,1 трлн теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде республикалық бюджетке тәуелділікті 80%-дан 25%-ға дейін төмендетеміз. Яғни облысты әлеуметтік инфрақұрылымы қалыптасқан, экономикалық дамуы тұрақты, өзін қамтамасыз ететін өңірге айналдыруға күш саламыз.

Президент 2025 жылы жалпы экономиканың 7% өсімін қамтамасыз етуді тапсырған. Осы межеге жету жолында Түркістан облысы айтарлықтай ілгері қадам жасап келеді. Өткен жылы облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 4,7 трлн теңгеге жетіп, өсім 110% деңгейінде болды. Биылғы жылы даму қарқыны сақталып, қысқа мерзімде экономикалық өсім 115,8%-ды құрады. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде тұрақты өсім байқалады. Негізгі өсім өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік-логистика салалары есебінен қалыптасты. Өсу индикаторларын бақылау мақсатында арнайы рейтингтік бағалау жүйесі енгізілді, оған 9 бағыт бойынша 89 индикатор енгізіліп, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына есеп беру жолға қойылды.

Тартылған инвестиция көлемі бойынша Түркістан облысы республикада алғашқы бестікте. Жылдың 8 айында экономикаға 783 млрд теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125%-ға өсті. Оның 59,3%-ы, яғни 464,4 млрд теңгесі жеке инвестицияға тиесілі. 2,6 трлн теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде 24 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке қосымша 100 млрд теңге салық түседі деп күтілуде. Биыл 57 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, 8 174 жұмыс орны ашылады, ал жылдың 8 айында 33 жоба іске қосылып, 4 793 жұмыс орны құрылды.

Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Облыста 50 колледжде 45 450 студент 84 мамандық бойынша білім алады, оның ішінде 33 колледж 43 жұмысшы мамандығы бойынша 16 000 студентті оқытады. 2024–2025 оқу жылында колледждерге жарияланған 15 525 мемлекеттік тапсырыстың 8 678-і жұмысшы мамандықтарына бөлінді. Биыл қосымша 9 600 студент жұмысшы мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырысқа ие болды. Ірі жобалар үшін 2 290 жұмысшы мамандығы қажет, ал 2025 оқу жылында 8 364 бітіруші осы мамандықтарға бағытталмақ. Сонымен қатар, өңірге қажетті мамандықтар бойынша лицензия алу жұмыстары жүргізіліп, колледждерде жұмысшы мамандықтарын даярлауға басымдық берілуде.

Қатысты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА 20 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

bastynews

АКИМ АЛЬ-ФАРАБИЙСКОГО РАЙОНА В ПРЯМОМ ЭФИРЕ ОТВЕТИЛ НА ВОПРОСЫ ЖИТЕЛЕЙ

Bastynews

Әлеуметтік көмекпен әлеуетін түзеген

Bastynews