Қоғам Мәдениет

СОЗАҚТА «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ЖӘНЕ ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Созақ ауылында «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, жаңа орталықтың жұмысымен танысты және оның әлеуметтік маңыздылығын ерекше атап өтті.

Ашылу салтанатына Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы, облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғараев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, сондай-ақ ауданның Құрметті азаматы, Созақ ауылының ардагері Мұрат Жақсыбаев қатысты. Олардың сөздерінде мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға жасалып жатқан қолдаулар жоғары бағаланды және тұрғындар атынан алғыс айтылды.

▪️ Орталықтың негізгі қызметі:

  • 18 жастан асқан ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен зейнет жасындағы ардагерлерге арналған әлеуметтік қолдау көрсету;
  • Қоғам өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беру, әлеуметтік және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Азаматтардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасау.

▪️ Инфрақұрылым және мүмкіндіктер:

  • Бір уақытта 30 адамға қызмет көрсету мүмкіндігі;
  • Тұз шахтасы, психологиялық терапия бөлмесі, дене шынықтыру залы;
  • Оқу және демалыс алаңдары, массаж кабинеті;
  • Бильярд және шахмат ойнауға арналған бөлмелер;
  • Әртүрлі спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шараларды өткізуге арналған жабдықтар мен аймақтар.

▪️ Әлеуметтік мәні:
Жаңа орталық азаматтардың денсаулығын нығайту, психологиялық жайлылығын қамтамасыз ету, белсенді өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, орталық тұрғындар арасындағы қарым-қатынас пен әлеуметтік байланыстарды күшейтеді, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдағы рөлін арттырады.

▪️ Жұмысқа тартылған кадрлар:
Орталықта 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Қызметкерлер арнайы даярлықтан өткен және әлеуметтік, психологиялық қолдау көрсетуді, дене шынықтыру, сауықтыру және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруды меңгерген.

Аудандағы жаңа әлеуметтік нысан – тек қолдау көрсету ғана емес, сонымен бірге қоғам өміріне белсенді қатысуға, жеке тұлғаның әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін заманауи орталық болып табылады. Мұндай бастамалар өңірде әлеуметтік саясаттың тиімді жүзеге асырылып жатқанын, азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың қабылданғанын көрсетеді.

Қатысты жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР АРАСЫНДА “КҮЗГІ КРОСС” ӨТТІ

bastynews

«Завуч» келіншек өзіне қол жұмсады» деген ақпарат шықты

Bastynews

Тиктокерлерді түлен түртті (видео)

Bastynews