Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА 20 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімдігінің қолдауымен Жиынбай ауылы, Жиынбай мектебінің маңынан 1,5 гектар аумаққа 20 мың түп сәмбі, шаған, қаратал және қараағаш көшеттері арнайы дайындалып, қоршалған жерге егілді.

Күзгі сенбілікке аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғани Құрманбай бастаған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері, жастар ұйымдары, ерікті топтар мен жергілікті тұрғындар белсенді қатысты. Оған қоса, арнайы техника мен суару құралдары іске қосылып, көшеттердің тұрақты өсіп-өркендеуі қамтамасыз етілді.

Аудан әкімдігі алқапты болашақта ботаникалық баққа айналдыруды жоспарлап отыр. Жасыл аймақ тек көркемдік көріністі жақсартумен шектелмей, тұрғындарға таза ауа, демалыс және табиғатпен байланысу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер үшін табиғатты зерттеу, экологиялық білім алу алаңына айналады.

Биылғы күзде аудан көлемінде жалпы 33 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызуға дайындалды. Оның ішінде 32 мың түп көшет облыстық басқарма тарапынан, 1 мыңнан астам шырша, арша және өзге сәндік ағаштар әкімдік пен демеушілердің қолдауымен егілді. Барлық көшеттер арнайы қоршалған алқапқа отырғызылып, суару жүйесі толық реттелген.

Экологиялық және әлеуметтік мәні зор бұл шара нәтижесінде ауданның жасыл желегі ұлғайып, ауаның сапасы жақсарып, тұрғындардың денсаулығы мен психологиялық жай-күйі нығаймақ. Сондай-ақ, тұрғындар мен жастарды табиғатты қорғауға баулып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Аудан әкімдігі алдағы жылдары да көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастыруды жоспарлап отыр. Ботаникалық бақта арнайы демалыс аймақтары, оқу алаңдары, серуен жолдары мен балаларға арналған экологиялық танымдық маршруттар құрылмақ. Бұл шаралар Түркібасты жасыл, экологиялық таза ауданға айналдыруға, тұрғындар мен туристер үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстарының әлеуметтік аспектісі де назардан тыс қалған жоқ. Сенбілікке қатысушылардың белсенділігі жоғары болып, экологиялық мәдениетті насихаттауға үлес қосты. Көшет отырғызу процесіне мектеп оқушылары мен жастар ұйымдарының қатысуы олардың табиғатқа жауапкершілік сезімін арттырып, болашақта экологиялық жобаларды өз бетімен ұйымдастыруға шабыт берді.

Қатысты жаңалықтар

ПРОВЕДЕН МОНИТОРИНГ ЦЕН ТОРГОВЫХ СЕТЕЙ «MAGNUM CASH&CARRY», «ГРАМАД» И «ФИРКАН»

Bastynews

Бозайдағы көшелерге асфальт төселеді

Bastynews

Израилда синагогада биік трибуна құлады. Зардап шеккендер көп

Bastynews